Негізгі мазмұнға өту

Нұсқаушы-берейтор (шебер-шабандоз)

Спорттық жылқыны даярлау, жаттықтыру және онымен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша практикаға бағытталған микробіліктілік. Оқыту жылқының анатомиясы мен мінез-құлқын, әбзелдермен жұмыс істеуді, жердегі және ат үстіндегі дайындықты, жаттығуды жоспарлауды және кәсіби этиканы қамтиды.

Бағдарламаның мақсаты

Оқу-жаттығу және спорт процесінде нұсқаушы-берейтор функцияларын орындау үшін қажетті спорттық жылқыны даярлау, жаттықтыру және онымен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша кәсіби білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Оқыту нәтижелері

Жылқымен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін және ат спорты базасындағы еңбекті қорғау талаптарын қолданады

Кәсіби құзыреттілік шегінде жылқының мінез-құлқын, қозғалыс жағдайын және жүктемеге дайындығын бағалайды

Сабаққа жылқыны, әбзелдерді, жабдықтарды және алаңды дайындайды

Жылқыны жерде даярлаудың, жаттықтырудың және үйретудің базалық әдістерін қолданады

Ат үстіндегі жұмыстың базалық элементтерін көрсетеді және басқару құралдарын дұрыс пайдаланады

Сабақтарды жоспарлайды, жүктемені реттейді және жаттығу нәтижелерін бақылайды

Шаршау немесе қауіпті жағдай белгілерін таниды, жүктемені уақтылы тоқтатады және маманға жүгінеді

Жануарлардың әл-ауқаты мен кәсіби этика қағидаттарын сақтайды

Практикалық дайындық

Негізінен мамандандырылған ат спорты базасында білікті маманның жетекшілігімен өткізіледі. Жылқыға жақындау, шығару және жетектеу, әбзелдерді дайындау, ерттеу, жерде және кордада жұмыс істеу, ат үстіндегі жаттығу элементтері, жылқының жағдайын бақылау, жүктемеден кейінгі күтім және сабақты талдауды қамтиды.

Қорытынды аттестаттау

Негізінен практикалық мазмұндағы біліктілік емтиханы: қауіпсіздік және жаттықтыру негіздері бойынша теориялық тестілеу; жылқымен жұмыс істеуді көрсету; дайындықтың қысқаша жоспарын құра отырып, кәсіби кейсті шешу.

Кәсіби мүмкіндіктер

Нұсқаушы-берейтор (шебер-шабандоз) функцияларын орындау: спорттық жылқыны базалық даярлау, жаттығуды ұйымдастыру және ат спорты ұйымының оқу-жаттығу командасында жұмыс істеу.

Қызмет салалары

Ат спорты клубтары мен орталықтары; ат спорты мектептері; спортшыларды даярлау орталықтары; мамандандырылған базасы бар ат спортының бейінді ұйымдары.