Дуальді оқыту
Дуальді оқыту – бұл оқу орнындағы теориялық оқытуды кәсіпорындағы практикалық оқытумен ұштастыратын білім беру моделі. Мұндай жүйе білім алушыларға білім беру және кәсіби ортада қажетті білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді, бұл болашақ кәсіби қызметке тиімді дайындалуға және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Оқытушылар

Қайырмағамбетов Мирхат Төлеубекұлы
Білімі: жоғары, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей қ., 2004 ж.
Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт
Біліктілігі: Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, спорт жаттықтырушысы, мамандануы: волейбол
Санаты: педагог-модератор
Жалпы еңбек өтілі: 25 жыл
Қазіргі уақытта Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және «Birlik» волейбол клубында жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

Забенов Асқар Қайратұлы
Білімі: жоғары, Халықтар достығы Қазақ инженерлік-педагогикалық университеті, Шымкент қ., 2015 ж.
Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт
Біліктілігі: Дене шынықтыру және спорт бакалавры, мамандануы: волейбол
Магистратура: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті,
Білім беру бағдарламасы: 7М01101 – Педагогика және психология
Академиялық дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
Санаты: педагог-модератор
Жалпы еңбек өтілі: 13 жыл
Қол күресінен спорт шебері.
Қазіргі уақытта Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Егеубаев Руслан Сапарғалиұлы
Білімі: жоғары, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ., 2007 ж.
Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт
Біліктілігі: Дене шынықтыру және спорт бакалавры, мамандануы: күрес.
Санаты: педагог-модератор
Жалпы еңбек өтілі: 10 жыл
Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер.
Қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігінің «№108 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Нұғманов Руслан Сайрашұлы
Білімі: жоғары, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей қ., 2009 ж.
Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт
Біліктілігі: Дене шынықтыру және спорт бакалавры, мамандануы: Қазақ күресі,
Магистратура: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Білім беру бағдарламасы: 7М01401 – Дене шынықтыру және спорт.
Академиялық дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
Санаты: педагог-модератор
Жалпы еңбек өтілі: 15 жыл
Қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер.
Қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігінің «№111 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Дәулетов Орынбасар Дәулетұлы
Білімі: жоғары, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен қ., 2023 ж.
Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт
Біліктілігі: Дене шынықтыру және спорт бакалавры, мамандануы: қазақша күрес
Санаты: педагог-модератор
Жалпы еңбек өтілі: 6 жыл
Қазіргі уақытта Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
