Негізгі мазмұнға өту

Студенттер үйі

Университет аумағында білім алушыларға арналған А11, А14 Студенттер үйі орналасқан. Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың шығармашылық, мәдени әрі әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында әр сенбі және жексенбі күндері түрлі тәрбиелік және мәдени іс-шаралар өткізіледі.


Студенттер үйіндегі тәрбие жұмысына жауапты қызметкерлер

А11 Студенттер үйі

Жұмашева Олимпия Сәлімгерейқызы

Менеджер-тәрбиеші (күндізгі ауысым)

Жұмыс орны: А11 Студенттер үйі

Жылысбаева Дина Тазабековна

Менеджер-тәрбиеші (түнгі ауысым)

Жұмыс орны: А11 Студенттер үйі

Ахметкалиева Баян Ахметкалиевна

Менеджер-тәрбиеші (түнгі ауысым)

Жұмыс орны: А11 Студенттер үйі

Аубакирова Клара Мураткалиевна

Менеджер-тәрбиеші (күндізгі ауысым)

Жұмыс орны: А11 Студенттер үйі

А14 Студенттер үйі

Шингазиева Замзагул Артыкбаевна

Менеджер-тәрбиеші (күндізгі ауысым)

Жұмыс орны: А14 Студенттер үйі

Тащанова Асемгуль Нурымовна

Менеджер-тәрбиеші (күндізгі ауысым)

Жұмыс орны: А14 Студенттер үйі

Туржанов Ерлан Кабдулданович

Менеджер-тәрбиеші (түнгі ауысым)

Жұмыс орны: А14 Студенттер үйі

Мырзахметов Мейірбек Нұрлыбекұлы

Менеджер-тәрбиеші (түнгі ауысым)

Жұмыс орны: А14 Студенттер үйі


Студенттер үйінде тұрудың қысқаша қағидалары

Қоғамдық тәртіпті сақтау.
Бөлмелер мен ортақ пайдаланылатын орындарда тазалық сақтау.
Студенттер үйі әкімшілігі мен қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау.
Санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық және уытты заттарды сақтауға және қолдануға.
Студенттер үйінің ғимараты мен аумағында темекі шегуге.
Төбелесуге, басқа тұрғындарға қорқытуға, тіл тигізуге және қоғамдық тәртіпті бұзуға.
Үй жануарларын ұстауға.
Бөлмеге бөгде адамдарды тұрғызуға немесе өз орнын басқа адамға беруге.
Тұрғын бөлмені мақсатына сай емес бағытта пайдалануға.
Жұмыс күндері — 22:00-ден 09:00-ге дейін.
Демалыс және мереке күндері — 23:00-ден 10:00-ге дейін.
Осы уақытта қатты музыка қосуға, дауыстап сөйлесуге, айғайлауға және шулы іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Телефондар мен компьютерлерді басқа тұрғындардың тыныштығына кедергі келтірмейтіндей пайдалану қажет.
Бөлмеде тазалық пен тәртіп сақтау.
Рұқсатсыз басқа тұрғындардың бөлмесіне кірмеу.
Өзгенің жеке заттарын рұқсатсыз пайдаланбау.
Әкімшіліктің рұқсатынсыз басқа бөлмеге көшпеу және бөлмелерді алмастырмау.
Есіктің құлпын өздігінен ауыстырмау және жиһаздарды рұқсатсыз жылжытпау.
Есіктерді, терезелерді және шығу жолдарын жеке заттармен бөгемеу.
Ақауы бар электр құрылғыларын пайдаланбау.
Электр сымдарын өздігінен жөндемеу.
Қосылып тұрған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмау.
Электр шәйнектерін, плиталарды, мультипісіргіштерді және басқа да асүй құрылғыларын тұрғын бөлмелерде пайдаланбау.
Тамақты тек арнайы жабдықталған асүйде дайындау.
Тамақ дайындағаннан кейін барлық электр құрылғыларын өшіру.
Пайдаланылған ыдыс пен жұмыс орнын тазалап кету.
Дайындалып жатқан тағамды қараусыз қалдырмау.
Асүйді, душ бөлмесін, санитариялық торапты және кір жуатын бөлмені пайдаланғаннан кейін жинап кету.
Ортақ пайдаланылатын жабдықтарға ұқыпты қарау.
Дәліздерде, баспалдақтарда және эвакуациялық шығу жолдарында жеке заттарды қалдырмау.
Дәліздер мен баспалдақтарда жүгірмеу және бір-бірін итермеу.
Студенттер үйіне кіру және одан шығу тәртібін сақтау.
Қызметкерлердің талабы бойынша рұқсат қағазын немесе жеке басын куәландыратын құжатты көрсету.
Келушілер студенттер үйінің әкімшілігі белгілеген тәртіпке сәйкес кіргізіледі.
Өзінің жатын орнын бөгде адамдарға беруге тыйым салынады.
Студенттер үйінде 24 сағаттан артық болмайтын жағдайда әкімшілік пен кураторға алдын ала жазбаша хабарлау.
Болмау себебін, мерзімін және болжамды қайту күнін көрсету.
Кетер алдында бөлмені жауып, жеке заттардың сақталуын қамтамасыз ету.
Әкімшіліктің талабы бойынша бөлме кілтін немесе кіру құралын тапсыру.
Студенттер үйіндегі жиһаздарға, жабдықтарға және басқа да мүлікке ұқыпты қарау.
Анықталған ақаулар, су ағуы немесе жабдықтардың істен шығуы туралы әкімшілікке дереу хабарлау.
Бөлмені өздігінен жөндеуге немесе қайта жабдықтауға тыйым салынады.
Келтірілген материалдық залалды кінәлі тұлға өтеуге міндетті.
Дәліздерді, баспалдақтарды және эвакуациялық шығу жолдарын бөгемеу.
Өрт дабылы мен өрт сөндіру құралдарын зақымдамау.
Өрт немесе түтін анықталған жағдайда әкімшілікке және төтенше жағдайлар қызметіне дереу хабарлау.
Өрт кезінде эвакуациялау тәртібін сақтау және лифтіні пайдаланбау.
Қағидаларды бұзғаны үшін тәртіптік шаралар қолданылады.
Келтірілген залал үшін материалдық жауапкершілік қарастырылған.
Қағидаларды қайталап немесе өрескел бұзу Студенттер үйінен шығаруға негіз болуы мүмкін.