Негізгі мазмұнға өту

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және кәсіби даму департаменті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және кәсіби даму департаменті – дене шынықтыру, спорт, білім беру және спорттық менеджмент салаларындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді үйлестіретін және мамандардың үздіксіз кәсіби дамуын ұйымдастыратын Қазақ ұлттық спорт университетінің құрылымдық бөлімшесі.


Департамент қызметінің мақсаты

магистратура және докторантура деңгейлерінде кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және дене шынықтыру, спорт, білім беру және спорттық менеджмент салаларындағы мамандардың үздіксіз кәсіби дамуын ұйымдастыру.


Қызметінің негізгі бағыттары

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыруды үйлестіру, білім алушыларды сүйемелдеу және оқу процесін ұйымдастыру.

Учебно-методическая работа

білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді, өзектендіруді және жетілдіруді үйлестіру.

Ғылыми-зерттеу қызметі

магистранттар мен докторанттардың ғылыми жұмысын үйлестіру, олардың жарияланымдық белсенділігіне, ғылыми конференциялар мен зерттеу жобаларына қатысуына қолдау көрсету.

Диссертациялық жұмыс

магистрлік және докторлық диссертацияларды дайындауды үйлестіру, оларды орындау кезеңдерін сүйемелдеу және Департаменттің құзыреті шегінде қорғауды ұйымдастыру.

Мамандардың кәсіби дамуы

біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді курстарды ұйымдастыру.

Білім беру технологияларын жетілдіру

оқытудың заманауи әдістерін, цифрлық құралдарды, қашықтан және аралас оқыту форматтарын енгізу.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету

оқыту нәтижелеріне мониторинг жүргізу және белгіленген талаптар мен сала қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру.

Халықаралық және академиялық ынтымақтастық

академиялық ұтқырлықты дамытуға, отандық және шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесу.

Кәсіби қауымдастықпен өзара іс-қимыл

спорт ұйымдарымен, федерациялармен, білім беру мекемелерімен, жұмыс берушілермен және сала сарапшыларымен ынтымақтастық орнату.


Департамент командасы

Бейсенова Ляззат Зияденовна
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және кәсіби даму департаментінің директоры, э.ғ.к., профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы
E-mail: lyazzat.beisenova@knus.edu.kz Scopus Author ID: 56242528700 Web of Science Researcher ID: У-3195-2018 ORCID: 0000-0002-1020-415X Астана қ., Қарқаралы көшесі, 15
Тусупханова Лунара Багланбеккызы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және кәсіби даму департаментінің аға менеджері.
E-mail: lunara.tussupkhanova@knus.edu.kz г. Астана, ул. Қарқаралы 15