Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті KNUS-тың ақпараттық және коммуникациялық саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, қоғаммен байланысты дамытуды, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және университет қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше.
Департамент қызметі KNUS-тың оң имиджін қалыптастыруға, іскерлік беделін нығайтуға, ұлттық және халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға, сондай-ақ нысаналы аудиториялармен ашық әрі тиімді байланыс орнатуға бағытталған.
Департаменттің мақсаты – тиімді коммуникациялық стратегияны іске асыру, университет қызметін жүйелі ақпараттық сүйемелдеу, медиакеңістіктегі қатысуын кеңейту, білім беру, ғылым, спорт және қоғамдық қызмет салаларындағы жетістіктерін ілгерілету арқылы KNUS-тың тұрақты оң имиджі мен беделін қалыптастыру және нығайту.
Негізгі қызмет бағыттары
▶️ Университеттің коммуникациялық саясатын қалыптастыру және іске асыру: KNUS-тың имиджі мен іскерлік беделін нығайтуға бағытталған стратегиялық коммуникациялық тәсілдерді әзірлеу және енгізу.
▶️ Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл: республикалық, өңірлік және халықаралық БАҚ өкілдерімен жүйелі ынтымақтастық орнату, сұхбаттар, баспасөз конференциялары мен ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру.
▶️ Университет қызметін ақпараттық сүйемелдеу: ресми жаңалықтар, баспасөз хабарламалары мен ақпараттық материалдарды әзірлеу және тарату, университеттің маңызды оқиғалары мен бастамаларын жариялау.
▶️ Медиакеңістіктегі қатысуды дамыту: университеттің ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілеріне арналған контент әзірлеу және ілгерілету, мультимедиалық және цифрлық коммуникация форматтарын дамыту.
▶️ KNUS брендін қалыптастыру және ілгерілету: университеттің білім беру, ғылыми, спорттық және қоғамдық жетістіктерін кеңінен таныту арқылы ұлттық және халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыру.
▶️ Репутациялық менеджмент және стратегиялық коммуникациялар: ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу, университеттің қоғамдық қабылдануын талдау, беделіне төнуі мүмкін тәуекелдердің алдын алу және оларға жедел ден қою, нысаналы аудиториялармен тиімді байланыс орнату.

