Негізгі мазмұнға өту

Қаржы-экономикалық жоспарлау және талдау департаменті

Департамент туралы

Қаржы-экономикалық жоспарлау және талдау департаменті «Қазақ ұлттық спорт университеті» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол Университеттің жылдық бюджетін және ақша қаражатының қозғалысы бюджетін қалыптастыруды, олардың орындалуын қамтамасыз етуді, қаржы қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды, сондай-ақ шығыстарды қаржылық-экономикалық жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады.


Қызметтің негізгі мақсаты

Департамент қызметінің негізгі мақсаты негізделген қаржылық жоспарлауды, Университеттің бекітілген Бюджеті мен Ақша қаражатының қозғалысы бюджетінің орындалуын, қаржы ресурстарын мақсатты және ұтымды пайдалануды, оның ішінде Университет инфрақұрылымын ұстау мен пайдалануды қаржыландыруды қамтамасыз ету болып табылады.


Департаменттің міндеттері

  1. Университеттің жылдық бюджетін және ақша қаражатының қозғалысы бюджетін қалыптастыру (әзірлеу)
  2. Университеттің бекітілген Бюджеті мен Ақша қаражатының қозғалысы бюджетінің орындалуын қамтамасыз ету
  3. Бекітілген Бюджет бойынша бөлінген Университеттің қаржы қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету

Департаменттің функциялары

  1. Университеттің Бюджеті мен Ақша қаражатының қозғалысы бюджетінің орындалуы туралы есептерді мониторингтеу және жасау
  2. Қаржы-шаруашылық қызмет жоспарына түзетулер енгізу үшін шығыстарды талдау
  3. Шаруашылықішілік резервтерді анықтау, көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын төмендету, шығындардың алдын алу және қаражатты мақсатсыз жұмсауға жол бермеу мақсатында қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануға талдау жүргізу
  4. Бекітілген Бюджетке сәйкес Университеттің көрсетілетін қызметтерінің тарифтерін, үстеме шығыстарын және өзіндік құнын калькуляциялау
  5. Сатып алу жоспарын дайындау үшін Университет бюджеттерін жоспарлау бөлігінде ақпарат беру және тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Университеттің Сатып алу тізіліміне енгізуге арналған өтінімдерді келісу
  6. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру және әдіснамалық көмек көрсету
  7. Департамент қызметкерлерінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін жүйелі түрде арттыру

Университет инфрақұрылымын ұстауға және пайдалануға арналған шығыстарды жоспарлау

  • Университеттің оқу ғимараттарын, жатақханаларын, спорттық құрылыстарын және өзге де инфрақұрылым объектілерін ұстауға және пайдалануға арналған қаржы ресурстарына қажеттілікті анықтау және талдау
  • Коммуналдық қызметтерге, техникалық қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге және объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды жоспарлау
  • Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру үшін спорттық инфрақұрылымды пайдалануға байланысты қызметтер құнына экономикалық есептеулер жүргізу
  • Объектілердің функционалдық мақсаты мен пайдалану қарқындылығын ескере отырып, оларды ұстауға арналған шығыстардың есептеулері мен негіздемелерін дайындау
  • Университет инфрақұрылымын пайдалануға байланысты шығыстарды қаржыландырудың және өтеудің экономикалық негізделген тетіктерін әзірлеуге қатысу

Департамент командасы

Закарьянова Самал Мухтаровна

Департамент директоры

samal.zakaryanova@knus.edu.kz

Мукашева Мадина Сакеновна

Бас экономист

madina.mukasheva@knus.edu.kz

Мустафина Назым Сериковна

Экономист

nazym.mustafina@knus.edu.kz