Негізгі мазмұнға өту

EMBA Спорт менеджмент сайты (Швейцария)

ББ атауы мен шифры

ECTS (кредиттер)

Оқу ұзақтығы

Құны

Іскерлік әкімшілендіру магистрлері

1

EMBA Sport Management SITE (Swiss) - қос дипломды бағдарлама

60

1 жыл

 1 500 000
₸/жыл
2500
$/жыл


Білім беру бағдарламасы:

EMBA Sport Management SITE (Swiss) - қос дипломды бағдарлама

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Спорттық менеджмент пен әкімшілендірудің халықаралық тәжірибелері негізінде спорт және денсаулық саласындағы тиімді басқару, трансформация және тұрақты даму үшін спорттық ұйымдардың топ-менеджерлері мен басшыларының стратегиялық басқарушылық және көшбасшылық құзыреттерін дамыту. Оқу форматы Қазақстанда 70% және Швейцарияда 30% болып ұйымдастырылған, бұл халықаралық тәжірибені, оқу нәтижелерін өзара тануды және қос диплом алуды қамтамасыз етеді.

Пәндер

  1. Көшбасшылық
  2. Маркетинг
  3. Іскерлік коммуникация
  4. Қаржыға кіріспе
  5. Бухгалтерлік есеп негіздері
  6. Халықаралық қатынастар теориясы
  7. Этика және кәсіби жауапкершілік
  8.  Зерттеу әдістері
  9. Информатикаға кіріспе
  10. Бизнеске арналған математика

7M04105 EMBA Sport Management SITE (Swiss) - қос дипломды бағдарлама — спорт және денсаулық саласындағы жоғары буын басшыларын даярлауға арналған бағдарлама. Оқу Қазақстанда 70% және Швейцарияда 30% көлемінде өтеді, бұл халықаралық тәжірибемен алмасуға, оқу нәтижелерін өзара тануға және қос диплом алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама стратегиялық ойлауды, көшбасшылық және басқарушылық құзыреттерді, сондай-ақ спорттық менеджменттің халықаралық тәжірибелері негізінде жобалық басқару, цифрлық трансформация және инновацияларды енгізу дағдыларын дамытады. Түлектер спорттық ұйымдарда, мемлекеттік құрылымдарда, консалтингте басшылық қызметтер атқаруға және спорт индустриясында өз жобаларын жүзеге асыруға дайын болады.


Берілетін академиялық дәреже:

Іскерлік әкімшілендіру магистрі (EMBA) EMBA Sport Management SITE (Swiss) білім беру бағдарламасы бойынша - қос дипломды бағдарлама


Спорттық менеджмент саласында басқарушылық дағдылар мен стратегиялық ойлауды дамытуға мүдделі жоғары буын басшылары мен бизнес иелері.

1-қадам. Сұхбаттан өту
EMBA бағдарламасы бойынша оқуға үміткер кәсіби тәжірибесін, басқарушылық құзыреттерін, мотивациясын және EMBA бағдарламасы бойынша оқуға дайындығын бағалауға бағытталған жеке сұхбаттан өтеді
2-қадам. Құжаттар пакетін тапсыру
Іскерлік әкімшілендіру магистрі (EMBA) бағдарламасына қабылдану үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Магистр дипломының түпнұсқасы және қосымшасы;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
  • Білімі, кәсіби және басқарушылық тәжірибесі сипатталған толық түйіндеме;
  • Ұсыным хат немесе мотивациялық хат;
  • 3×4 өлшеміндегі электронды фотосурет;
  • № 075/у нысанындағы медициналық анықтама

EMBA магистратурасына қабылдау ашық!

Кеңес алу үшін: 📞 +7 700 151 6195 ✉️ akzhan.yeginbayeva@knus.edu.kz


Профессорлық-оқытушылық құрам

Alberto Ibarz Garcia
Көшбасшылық, маркетинг
FullTeam Networks компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, көшбасшылық, стратегиялық маркетинг және бизнесті дамыту саласындағы халықаралық сарапшы. Халықаралық нарықтарда көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Халықаралық менеджмент, стратегиялық серіктестік және бизнесті дамытуға маманданған.
Catherine Beauchaine
Іскерлік коммуникация
Халықаралық нарықтарда 30 жылдан астам тәжірибесі бар іскерлік коммуникациялар, қоғаммен байланыс және іс-шараларды басқару саласындағы сарапшы. CBC Languages негізін қалаушы, коммуникациялық стратегиялар, халықаралық жобалар және мәдениетаралық тренингтерге маманданған.
Alexey de la Loma
Қаржыға кіріспе Бухгалтерлік есеп негіздері
Қаржы, сандық сауда стратегиялары және тәуекелдерді басқару саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық сарапшы. Financer Training негізін қалаушы, сандық қаржы, техникалық талдау және қаржылық тәуекел-менеджмент саласындағы сарапшы.
Chris Kostov
Халықаралық қатынастар теориясы
Тарих және канадалық зерттеулер саласындағы PhD, IE University (Испания) оқытушысы. Халықаралық қатынастар, геосаясат және қазіргі заманғы еуропалық тарихқа маманданған. Қырғи қабақ соғыс, ұлттық бірегейлік және халықаралық саясат мәселелері бойынша ғылыми жарияланымдардың авторы.
Dr.Claudia Liu
Көпшілік алдында сөйлеу және қарым-қатынас дағдылары
Тұрақты даму, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, инновациялар және бизнес-стратегия саласындағы сарапшы және оқытушы. Испанияда бакалавриат және MBA бағдарламаларында оқыту тәжірибесі бар, академиялық білімді заманауи басқарудың практикалық тәсілдерімен ұштастырады.
Togzhan Zhumagulova
Зерттеу әдістері
Білім беру саласындағы PhD (Nazarbayev University), білім беру саясаты, академиялық зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық саласындағы сарапшы. Жоғары білім беру және академиялық басқару саласында жұмыс тәжірибесі бар. Білім беру стратегияларын, зерттеу жобаларын және аналитикалық құралдарды әзірлеуге маманданған.
Әсел Аяпова
Қаржыландыруды тарту және ресурстарды жұмылдыру
Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) академигі, топ-менеджер (Fortune 500, АҚШ), филантроп, ментор, «Мансап жоба ретінде» кітабының авторы. MBA, Дьюк университеті (The Fuqua School of Business).
Ануар Дайыров
Жаһандық корпоративтік көшбасшылық және трансформацияны басқару
MBA — Geneva Business School (Женева / Нұр-Сұлтан) ИТ-департаментінің директоры, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ KPMG кеңесшісі; «Қазатомөнеркәсіп», KEGOC, Halyk Bank, BI Group және т.б. компанияларда цифрландыру және ЖИ бойынша кеңесші. Халықаралық тәжірибе: АҚШ, Голландия, БАӘ-дегі жобалар; Cisco академиясында (Калифорния) жаттықтырушыларды оқыту
Дана Мағауина
Стратегиялық менеджмент (тереңдетілген курс)
Стратегиялық менеджмент және қаржылық басқару саласындағы сарапшы. Қазақстан Ұлттық Банкінде және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-да жұмыс тәжірибесі бар, IPO-ға дайындыққа қатысқан. Ұлттық валюта дизайны мен технологиясы саласындағы 7 халықаралық марапаттың иегері, халықаралық конференциялардың спикері.
Збигнев Васькевич
Көшбасшылық және тиімді шешім қабылдау
MBA — Миннесота университеті (АҚШ); Хабилитация және PhD — спорт ғылымдары Катовицедегі АФВ ректоры (2005–2012); Польша ҰОК вице-президенті (2009–2017) Пенсильвания университетінің (АҚШ) және Сеченов университетінің (Мәскеу) шақырылған профессоры Frontiers in Physiology, BMC Sports Science және Int. Journal of Environmental Research and Public Health басылымдарының редакторы
Тимур Николаевич Султанов
Спорттағы басқару психологиясы
Психология ғылымдарының кандидаты, 20 жылдан астам тәжірибесі бар спорт психологиясы саласындағы сарапшы. Өзбекстанның олимпиадалық құрамаларының психологы, халықаралық деңгейдегі спортшылармен жұмыс істеген. Ғылыми жарияланымдардың және «Чемпиондар зертханасы» бағдарламасының авторы.

Серіктестер