Негізгі мазмұнға өту

Бос орындар

«Қазақ ұлттық спорт университеті» ЖШС 2026-2027 оқу жылына профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

 

Пәндер

Профессор

Қауымдастырылған профессор, доцент

Сеньор-лектор

Оқытушы

«Спорттық білім және коучинг» департаменті

1

Дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды даярлау саласында

1

(PhD немесе ғылым кандидаты немесе ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы)

2

(PhD немесе ғылым кандидаты немесе ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы)

2

(PhD немесе ғылым кандидаты немесе ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы)

1

2

Спорттың анатомиялық-физиологиялық және медициналық негіздері бағытында

 

1

(PhD немесе ғылым кандидаты)

   

Барлығы

1

3

2

1

 

 

 

 

 

 

Бос лауазымның атауы: Профессор

  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:
  2. білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  3. академиялық/ғылыми дәрежесінің болуы: философия докторы (PhD) немесе ғылым кандидаты немесе бейіні бойынша доктор немесе ғылым докторы;
  4. қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейінгі ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметінің үздіксіз еңбек өтілі – 3 жыл;
  5. соңғы 5 жыл ішінде кемінде 20 жарияланым, оның ішінде:
  6. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҚР ҒЖБМ БҒСҚК) ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми қызметтің негізгі нәтижелері бойынша кемінде 12 жарияланым;
  7. Scopus, Web of Science немесе JSTOR халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарында CiteScore немесе JCR бойынша кемінде 35 процентильден төмен емес көрсеткішке ие кемінде 3 жарияланым;
  8. Scopus немесе Web of Science жүйелерінде индекстелетін шетелдік конференциялар материалдарында кемінде 5 баяндама/жарияланым;
  9. Хирш индексі (Scopus және (немесе) Web of Science бойынша) – кемінде 3;
  10. соңғы 3 жыл ішінде кәсіби қызмет бағыты бойынша шетел тіліндегі MOOC платформалары (Coursera, EdX, Udacity, FutureLearn) негізінде курстан сәтті өткенін растайтын кемінде 2 сертификат немесе ғылыми тағылымдамадан өтуі, ғылыми семинарларға қатысуы және ұзақтығы кемінде 72 академиялық сағат болатын басқа да біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттардың болуы;
  11. профессор лауазымына қойылатын баламалы талаптар (сандық көрсеткіштердің бірін таңдау міндетті):

      соңғы 5 жыл ішінде келесі басылымдардың бірінің кемінде 2 данасын әзірлеу, бірлесіп автор болу және жариялау: ҚР ҒЖБМ ұсынған      оқулық; ҚР ҒЖБМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқулық; монография; үлгілік оқу бағдарламасы; жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі ұсынған оқу құралы; электрондық оқулық және (немесе) электрондық оқу құралы. Басылымдар кемінде 1 жыл оқу процесінде пайдаланылуы, авторлық құқығы уәкілетті органмен расталуы, автордың үлесіне кемінде 6 баспа табақ тиесілі болуы және олардың кемінде 1-еуі «Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған болуы тиіс;

  1. немесе философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілік ету және (немесе) диссертациялық жұмыстарға рецензия беру – кемінде 3;

соңғы 5 жыл ішінде кемінде 3 гранттық ғылыми жобаға (гранттық қаржыландыру, шетелдік ғылыми гранттар) қатысу және (немесе) жетекшілік ету;

  1. «Профессор» ғылыми атағы болған жағдайда 4)–7) тармақтардың талаптарын орындау талап етілмейді.

 

Бос лауазымның атауы: Қауымдастырылған профессор

  1. Біліктілік талаптары, дағдылары және құзыреттері

білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

  1. академиялық/ғылыми дәрежесінің болуы: философия докторы (PhD) немесе ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе бейіні бойынша доктор;
  2. ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметінің үздіксіз еңбек өтілі – кемінде 1 жыл (диссертация қорғағаннан кейін);
  3. соңғы 3 жыл ішінде кемінде 10 жарияланым, оның ішінде:
  4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҚР ҒЖБМ БҒСҚК) ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми қызметтің негізгі нәтижелері бойынша кемінде 6 жарияланым;
  5. Scopus, Web of Science немесе JSTOR халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарында CiteScore немесе JCR бойынша кемінде 35 процентильден төмен емес көрсеткішке ие кемінде 1 жарияланым;
  6. Scopus немесе Web of Science жүйелерінде индекстелетін шетелдік конференциялар материалдарында кемінде 3 баяндама/жарияланым;
  7. Хирш индексі (Scopus және (немесе) Web of Science бойынша) – кемінде 1;
  8. соңғы 3 жыл ішінде кәсіби қызмет бағыты бойынша шетел тіліндегі MOOC платформалары (Coursera, EdX, Udacity, FutureLearn) негізінде курстан сәтті өткенін растайтын кемінде 1 сертификат немесе ғылыми тағылымдамадан өтуі, ғылыми семинарларға қатысуы және ұзақтығы кемінде 72 академиялық сағат болатын басқа да біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттардың болуы;
  9. қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына қойылатын баламалы талаптар (сандық көрсеткіштердің бірін таңдау міндетті):
  10. соңғы 5 жыл ішінде келесі басылымдардың бірінің кемінде 2 данасын әзірлеу, бірлесіп автор болу және жариялау: ҚР БҒМ ұсынған оқулық; ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқулық; монография; үлгілік оқу бағдарламасы; жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі ұсынған оқу құралы; электрондық оқулық және (немесе) электрондық оқу құралы. Басылымдар кемінде 1 жыл оқу процесінде пайдаланылуы, авторлық құқығы уәкілетті органмен расталуы, соңғы 5 жыл ішінде жарық көруі және автордың үлесіне кемінде 6 баспа табақ тиесілі болуы тиіс; немесе  философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілік ету және (немесе) диссертациялық жұмыстарға рецензия беру – кемінде 1;
  11. немесе кемінде 1 гранттық ғылыми жобаға (гранттық қаржыландыру, шетелдік ғылыми гранттар) қатысу және (немесе) жетекшілік ету;
  12. «Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы болған жағдайда 4)–7) тармақтардың талаптарын орындау талап етілмейді.

 

 

Бос лауазымның атауы: Сеньор-лектор

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. білімі: жоғары (жоғары арнайы) және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  2. тиісті білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі немесе магистр дәрежесінің болуы;
  3. ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі – 2 жыл, оның ішінде 1 жыл оқытушы лауазымында жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі – 2 жыл;
  4. кемінде 3 жарияланым, оның ішінде:
  5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҚР ҒЖБМ БҒСҚК) ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланған кемінде 1 жарияланым;
    • халықаралық ғылыми іс-шаралар материалдарында жарияланған кемінде 2 баяндама/жарияланым;
    • төменде көрсетілген ғылыми жетістіктердің бірінің болуы:

 

  • келесі басылымдардың бірінің кемінде 1 данасын әзірлеу, оған қатысу және жариялау (жеке немесе бірлескен авторлықта): ҚР ҒЖБМ ұсынған оқулық; ҚР ҒЖБМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқулық; монография; жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі ұсынған оқу құралы; электрондық оқулық және (немесе) электрондық оқу құралы. Басылымдар оқу процесінде кемінде 1 жыл пайдаланылуы тиіс; авторлық құқықтың және (немесе) өнертабысқа және (немесе) бұйымға патенттің болуы, ол уәкілетті органмен расталуы тиіс;
  • орындаушы ретінде кемінде 1 гранттық жобаға қатысу (гранттық қаржыландыру, шетелдік ғылыми гранттар); бизнес-инкубаторларда/акселераторларда кемінде 1 тіркелген жоба (ең төменгі деңгейі – Minimal Valuable Product (MVP)), ғылыми және инновациялық гранттарға өтінімдерді дайындау және беру (жетекші немесе орындаушы ретінде) немесе хакатондарда, жобалар конкурстарында және олимпиадаларда жеңімпаз атанған студенттерге жетекшілік ету;
  • PhD докторы дәрежесі, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесі болған жағдайда, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы болған жағдайда 3), 4), 5) тармақтардың талаптарын орындау талап етілмейді;
  1. IT-құзыреттерді меңгеруі, Word, Excel, Office PowerPoint бағдарламаларында жұмыс істей білуі.

 

Бос лауазымның атауы: Оқытушы

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  2. академиялық дәрежесінің болуы: ғылым магистрі немесе тиісті білім беру бағдарламасы бойынша магистр;
  3. үздіксіз еңбек өтілі – 2 жыл;
  4. соңғы 3 жыл ішінде кәсіби қызмет бағыты бойынша шетел тіліндегі MOOC платформалары (Coursera, EdX, Udacity, FutureLearn) негізінде курстан сәтті өткенін растайтын кемінде 3 сертификаттың болуы немесе ғылыми тағылымдамадан өтуі, ғылыми семинарларға қатысуы немесе ұзақтығы кемінде 72 академиялық сағат болатын басқа да біліктілікті арттыру курстарынан өткені;
  5. ағылшын тілінде оқытатын шетелдік жоғары оқу орындарында алынған магистр академиялық дәрежесі болған жағдайда 3) және 4) тармақтардың талаптарын орындау талап етілмейді.

 

 

 

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026 жылдың 13 шілде – 13 тамыз аралығы
Конкурс өтетін орын: Астана қ.,Қарқаралы көшесі 15.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) «Қазақ ұлттық спорт университеті» ЖШС профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларына 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ректордың атына өтініш.
2) Түйіндеме (үш тілдің кез келгенінде: қазақ, орыс, ағылшын, үміткердің таңдауы бойынша).
 3) жеке куәліктің көшірмесі.
4) білім туралы құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары.
5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
7) Медициналық анықтама №075 формасы бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №175 бұйрығымен бекітілген.
8) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет беретін қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
9) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
10) Соттылықтың бар-жоғы туралы анықтама (өтініш берген кезде ХҚКО-да немесе электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
11) Наркологиялық ұйымнан анықтама, конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтама, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
12) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама, конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтама, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру», № 272 бұйрығымен бекітілген (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).

Маңызды: Құжаттар тізіміне сәйкес толық құжаттар топтамасының ұсынылмауы өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
 Мекенжай: : Астана қ.,Қарқаралы көшесі 15.
info@knus.edu.kz