Негізгі мазмұнға өту

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті – бұқаралық-мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыратын және студенттік ұйымдардың жұмысын үйлестіретін KNUS-тің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департаменттің қызметі студенттердің өзін-өзі тану және тұлғалық дамуына, олардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімдерін оятуға бағытталған.

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің мақсаты – KNUS студенттерін адамгершілігі жоғары, білімді, шығармашыл тұлға ретінде тәрбиелеу, олардың үйлесімді дамуы мен өз қабілеттерін іске асыра білулері үшін қажетті оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету.


Қызметтің негізгі бағыттары

Білім алушылармен тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасын және оны жүзеге асыру жоспарын жасау

KNUS-те бұқаралық мәдени, спорттық және сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру

Студенттердің өзін-өзі басқару жұмысын үйлестіру

Жастардың жобаларын, студенттік ұйымдарды қолдау және қадағалау

Атқарушы билік органдарымен сыртқы өзара қарым-қатынастарды қамтамасыз ету

APEMS студенттерімен сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізу, сондай-ақ студенттердің жатақханадағы бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыру үшін қажетті нормативтік құжаттарды әзірлеу

Студенттерді әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ету

Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру және қадағалау

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің ұжымы

Қаратай Шыңғыс Балтабекұлы
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің директоры
E-mail: sh_qaratai@apems.edu.kz г. Астана, ул. Қарқаралы 15
Ажигали Акерке Адилгазыкызы
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің менеджері
E-mail: a_azhigali@apems.edu.kz Мекенжайы: г. Астана, ул. Қарқаралы 15
Қалымбеков Еркебұлан Қуанышұлы
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің менеджері
E-mail: e_qalymbetov@apems.edu.kz Мекенжайы: г. Астана, ул. Қарқаралы 15
Тильмагамбетова Рита Еркингалиевна Психология магистрі, сеньор-лектор, практикалық психолог
Психологиялық қолдау орталығының психологы
E-mail: rita_taumysheva@mail.ru Мекенжайы:г. Астана, ул. Қарқаралы 15