Негізгі мазмұнға өту

Кәсіптік бағдар беру орталығы

Кәсіптік бағдар беру және білім беру бағдарламаларын ілгерілету орталығы

Кәсіптік бағдар беру орталығы

Мақсат

Орталықтың мақсаты – жүйелі кәсіптік бағдар беру жұмысы, заманауи маркетинг құралдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы талапкерлерді тарту және білім беру бағдарламаларын ілгерілету саласындағы Университеттің стратегиялық міндеттерін іске асыру.


Орталық қызметі келесідей негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру

мектеп оқушылары, колледж түлектері, спорт интернаттарының, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің (БЖСМ) және олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің (ОРАМБЖСМ) оқушылары, сондай-ақ басқа да мақсатты аудиториялар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру;

Іс-шараларды өткізу

Университеттің білім беру бағдарламаларын танымал ету бойынша іс-шараларды өткізу (ашық есік күндері, көшпелі тұсаукесерлер, мамандықтар жәрмеңкесі және т.б.);

Медиа жұмысы

әлеуметтік желілерде, сайтта және бұқаралық ақпарат құралдарында ілгерілетудің маркетингтік стратегияларын әзірлеу және іске асыру;

Қолдау

ақпараттық-консультациялық сүйемелдеу арқылы түсушілер мен талапкерлерге қолдау көрсету;

Талдау

қабылдау динамикасын талдау, білім беру нарығына мониторинг жүргізу, даярлаудың жаңа бағыттарын дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу;

Имидж

Университеттің спорттық білім беру саласындағы көшбасшы ретіндегі тұрақты имиджін қалыптастыру.


Жұмағұл Ернұр Сенбайұлы
Кәсіби бағдар беру және білім беру бағдарламаларын әзірлеу орталығының басшысы
Тұрғамбек Бектенали Мұратұлы
Кәсіби бағдар беру және білім беру бағдарламаларын әзірлеу орталығының менеджері