Сапаны қамтамасыз ету саясаты
Kazakh National University of Sports (бұдан әрі – KNUS) қоғамның берік әлеуметтік бірлігін нығайтуға, біртұтас болашақ ұлтты қалыптастыруға және жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге ықпал ететін бейінді жоғары оқу орны болып табылады.
KNUS «Сапалы білім. Білімді ұлт» ұлттық жобасын және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған спорт саласы үшін кадрлар даярлаудың жетекші жалпыұлттық орталығына айналуға ұмтылады.
KNUS-тың сапаны қамтамасыз ету саясаты заманауи педагогикалық және кәсіби құзыреттерді меңгерген дене шынықтыру мұғалімдерін, сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға қабілетті жоғары білікті спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Бұл мақсатқа дене шынықтыру және спорт саласындағы жетекші әлемдік мамандарды тарту, сондай-ақ оқу процесі мен ғылыми зерттеулер арасындағы байланысты қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.
KNUS-тың сапаны қамтамасыз ету саясаты келесі бағыттардың дамуына ықпал етеді:
азаматтардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың әртүрлі топтарын даярлау желісін қалыптастыру және мамандандырылған үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету арқылы жалпыұлттық дене шынықтыру-спорттық оқыту және тәрбиелеу жүйесін дамыту;
дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі бағыттары бойынша халықаралық спорт ұйымдарымен ынтымақтастық орнату, «Sport education and social development» ғылыми-әдістемелік орталығы мен Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының қызметі арқылы жоғары жетістіктер спортын, спорт резервін даярлау жүйесін, саланың кадрлық және заманауи ғылыми әлеуетін дамыту;
дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын негізгі мақсатты топтарға сапалы мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ негізгі стейкхолдерлер арасында тиімді ақпараттық саясатты іске асыру арқылы спорт пен салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Сапаны қамтамасыз ету менеджменті дене шынықтыру-спорттық оқыту және тәрбиелеу, жоғары жетістіктер спорты, спорт резервін даярлау жүйесі, саланың кадрлық қамтамасыз етілуі және сапалы ақпараттық саясатты басқару жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Сапа мәдениеті университет қауымдастығының барлық мүшелері арасында қолдау табады: білім алушылар, академиялық персонал және әкімшілік-басқару құрамы. Әрбір қызметкер сапаны қамтамасыз етуге жеке жауапкершілігін сезінеді.
Осылайша,KNUS спорт саласы үшін кадрлар даярлаудың жетекші жалпыұлттық орталығы ретінде ұлттық және халықаралық деңгейде танылуға бағытталған Саясатты ұстанатын болады.
