Ғылыми-техникалық кеңес
KNUS Ғылыми-техникалық кеңесі туралы
KNUS ғылыми-әдістемелік кеңесі туралы
Ғылыми-әдістемелік кеңес KNUS-тің ғылыми-әдістемелік және сарапшы-кеңестік органы болып саналады, ол кафедралар мен өзге бөлемшелердің оқытушылық-профессорлық құрамының белсенді қатысу шартымен ғылымның академиялық секторы барлық сегментінің нәтижелі өзара қарым-қатынасы мақсатында құрылған.
Ғылыми- әдістемелік кеңес ғылыми басылымдарда жариялау үшін ұсыну мақсатында фундаменталды және қолданбалы зерттеулер саласындағы қызметін, ғылыми, ғылыми-әдістемелік өнімді рецензиялау саласындағы KNUS-тің ғылыми қызметін үйлестірумен айналысатын ЖОО-ның консультативті-кеңестік ұйымы болып саналады.
Ғылыми- әдістемелік кеңес мақсаты – спорттық білім беру мен спорттық ғылым дамуының басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы KNUS-тің ғылыми қызметін нәтижелі үйлестіру, оқытушылық-профессорлық құрам мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін белсендендіру, KNUS-тің ғылыми саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру, KNUS-тің ғылыми жетістіктерін Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдің ғылыми-білім беру кеңістігінде танымал ету.
Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі міндеттері
Ғылыми- әдістемелік кеңес міндеттері
- KNUS-тің ғылыми және педагогикалық кадрларының ғылыми өнім жасауға және ғылыми зерттеулер нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысуын қамтамасыз ету
- KNUS-тің ғылыми-педагогикалық және ғылыми потелциалын сақтау және дамыту
- Фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы өзге де ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру
- KNUS-тің өзіндік «ғылыми мектептерін» ашу үшін жағдай жасау
- KNUS ғалымдарының болашағы бар ғылыми-зерттеу жұмыстарын инновацияға іріктеу мен алға жылжыту
- Ғылымның нәтижелі даму мақсатында KNUS-тің бірегей ғылыми саясатын жүзеге асыру
- Инновациялық қызметтің дамуына көмектесу
- KNUS-тің нәтижелі серіктестігі бойынша Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің жетекші ғылыми орталықтарымен, сонымен қоса, халықаралық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде халықаралық байланыстарды дамыту
Ғылыми- әдістемелік кеңес қызметтері
- Академия ғылыми қызметінің сараптамасын жүргізу
2.Фундаменталды және қолданбалы зерттеулер бойынша KNUS-тің негізгі ғылыми бағыттары мен бағдарламаларын қарастыру мен келістіру;
- Шаруашылық келісімдер мен мемлекеттік бюджет тақырыптары бойынша ҒЗЖ-ның орындалу нәтижелерін бағалау
- KNUS-тің құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалары мен жоспарларын қарастыру мен келістіру
- KNUS-тің ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметі туралы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен тұжырымдамаларды келістіру туралы ережелерді қарастыру мен келістіру
- KNUS-тің ғылыми бөлімшелерінің құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарастыру мен бекіту
- KNUS қызметкерлері мен ОПҚ дайындаған ғылыми монографияларды басылымға жариялау бойынша қарастыру мен ұсыныстар жасау
- KNUS кафедраларының ғылыми қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар тұжырымдар
