Негізгі мазмұнға өту

Ректорат

Ректорат – Kazakh National University of Sports (бұдан әрі – KNUS) білім беру, ғылыми-зерттеу және әкімшілік - шаруашылық қызметінің ағымдағы мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін алқалы жедел-кеңесші орган.

Ректораттың негізгі міндеттері KNUS Даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан ағымдағы жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, негізгі іс-шараларды қамтамасыз ету, Ректордың және АФКМС басқа да корпоративтік және алқалы басқару органдарының құзыретіне жататын мәселелерді алдын ала қарастыру, сондай-ақ олар үшін ұсыныстар әзірлеу.

Ректораттың құзыреттілігіне келесі мәселелер кіреді:

KNUS Даму стратегиясының және ағымдағы жоспарларының орындалуын мониторингілеу;
KNUS құрылымдық бөлімшелерінің ағымдағы жұмыс жоспарларын орындалуына қатысты мәселелерді қарау;
KNUS және оның құрылымдық бөлімшелерін дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Кәсіби бағытталу мен білім алушыларды қабылдауды ұйымдастыру;
Оқу процесін ұйымдастырудың ағымдағы сұрақтары мен оның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін қарастыру;
Өзара сабаққа қатысу және оқу сабақтарына бақылау мақсатында қатысу мәселелерін қарастыру;
KNUS академиялық қызметін басқарудың ағымдағы сұрақтарын қарастыру;
KNUS ғылыми –зерттеу қызметін ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерін қарастыру, соның ішінде білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары;
KNUS тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерін қарастыру;
KNUS шаруашылық жұмысын ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерін қарастыру;
Халықаралық қатынастарды ұйымдастырудың ағымдағы сұрақтарын қарастыру;
KNUS алқалы және корпоративті басқару органдарының қабылдаған шешімдерін орындалуын мониторингілеу;
KNUS Жарғысына, Қатысушылардың жалпы жиналысының тапсырмаларын, Бақылау кеңесінің және Басқарманың шешімдеріне сәйкес Ректораттың құзыреттілігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер шығару.

Ректораттың құрамына ректор, проректорлар және KNUS құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Ректораттың құрамы KNUS ректорының бұйрығымен бекітіледі. KNUS ректоры Ректораттың төрағасы болып табылады, ректораттың қызметіне тікелей басшылық жасайды.

Ректорат әр оқу жылына ректормен бекітілген жоспарға сәйкес жұмысын жүргізеді. Ректорат отырыстарын KNUS ректоры, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін уақытша атқарушы тұлға өткізеді. Ректорат отырыстары 2 (екі) аптада 1 (бір) рет өткізіледі.


Ректораттың отырыстары 2024-2025
Ректораттың отырыстары 2025-2026